26 маусымнан бастап Оралдан Өзбекстан астанасына қатынайтын рейстердің саны артпақ. Бұл туралы «Орал» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Рейс «Орал-Ташкент-Орал» бағытында қатынайды. Жолаушыларды Centrum Air компаниясы тасымалдайды.
Өзбекстан астанасын жалғайтын рейс 21 наурыздан ұша бастады. Алғашында аптасына екі рет рейс болып еді. Кейін оның саны қысқартыпты. Оралдықтар аптасына тек бір-ақ рет Ташкентке қатынайтын еді. Енді міне, рейс саны қосылды. Оралдықтар 26 маусымнан бастап аптасына екі рет Өзбекстанның бас қаласына ұша алады.