Ақтөбеліктер 28 мамырда қала күнін тойлайды. Шаһар күніне арналған гала — концерт кешкі сағат сегізде "Қазақ халқына мың алғыс" стелласында өтеді. Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, іс-шарада Bayansulu, Erke Esmakhan, Raim, Qanay, Erkesh Khasen, Qazybek Kurayish пен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетпек.
Қала күніне орай аймақ басшысы Асхат Шахаров облыс тұрғындарын құттықтады. Әкім құттықтауында Ақтөбенің тарихына тоқталып, бүгінгі дамуын жіпке тізді.