Оралда төртінші маусымда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Синоптиктер түнде ауа райы: +10+12 градус жылы, күндіз ауа температурасы +23+25 градус болады деп хабарлады.
"Қазгидромет" мекемесінің мамандары Ақтөбеде де күн күркіреп, жауын-шашын жауады деп болжам жасады. Төртінші маусымда түнде ауа температурасы +10+12 градус, күндіз +16+18 градус болады.
Төртінші маусымда Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Ала бұлтты болмақ. Түнде ауа температурасы +13+15, күндіз +24+26 болады.
Ақтауда төртінші маусымда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +23+25 градус, түнде +13+15 градус жылы болады.