• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

500-ден астам талап-өтініштің 120-сы оң шешілген

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы 9 бағыттағы партиялық жобалар аясында 923 іс-шараны жүзеге асырды. Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жұмыстар, қазына қаражатының мақсатты игерілу мәселелері басты назарда болды». - Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының кезекті 20-шы есеп беру-сайлау конференциясында қалалық филалы төрағасы, шаһар басшысы Нариман Төреғалиев мәлімдеді. Орал қаласы бойынша жетекші саяси ұйымның 9 мыңнан астам мүшесі бар. Облыс орталығының дамуы үшін маңызды мәселелерді шешуге партия мүшелері өз үлестері
500-ден астам талап-өтініштің 120-сы оң шешілген
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы 9 бағыттағы партиялық жобалар аясында 923  іс-шараны жүзеге асырды. Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту,  инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жұмыстар, қазына қаражатының мақсатты игерілу мәселелері басты назарда болды». - Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының кезекті 20-шы есеп беру-сайлау конференциясында қалалық филалы төрағасы, шаһар басшысы Нариман Төреғалиев мәлімдеді.
nariman
nariman
Орал қаласы бойынша жетекші саяси ұйымның 9 мыңнан астам мүшесі бар. Облыс  орталығының дамуы үшін маңызды мәселелерді шешуге партия мүшелері өз үлестерін қосуда. Құрылыс пен инфрақұрылым, әлеуметттік саланы жаңғыртуға бағытталған жобалар  партиялық бақылаудың назарында болды. Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен  500-ден астам  талап-өтініштің 120-сы оң шешілген. Есепті мерзімде 9 бағыттағы партиялық жобалар аясында 927 іс -шара жүзеге асқан. - «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп бос жұмыс орындарының 6 жәрмеңкесін ұйымдастырды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы және «25 игілікті іс» республикалық акциясының аясында 20 үй қамтылды, - дейді Орал қаласының әкімі НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ. Биылғы жылы өткен сайлау барысында  қалалық мәслихаттағы депутаттық корпустың  70 пайызға жаңарғаны белгілі. Өкілетті органның негізгі құрамын «Нұр Отан» партиясының  мүшелері құрайды. Депутаттық фракция тұрақты комиссиялардың отырыстарын нақты сала нысандарында өткізуді жолға қойды. Көшпелі отырыстар кезінде тұрғын үй-коммуналдық саланың өзекті мәселелерін шешу, балалар мен жасөспірімдер қылымысының алдын алу, жолаушылар тасымалын реттеу бойынша нақты ұсыныстар ортаға салынды. «Нұротандық» депутаттар жетекші саяи ұйымның жергілікті жердегі жұмысын жаңа сатыға көтеру үшін күш салуда. - Қолға алынған жұмыстар баршылық. Ол енді мына мемлекеттік бағдарламалармен қатар, депутаттардың өздерінің сайланған округтеріндегі тұрғындармен жүздесуі, күнделікті көтерілетін мәселелердің шешілуіне араласуы, қалалық филиалдың қабылдауына қатысуы – осы жұмыстардың барлығы да біздің қалалық мәслихат депутаттарының атсалысуымен  жүріп жатыр, - дейді Орал қалалық мәслихатының хатшысы АҚҚАЛИ ӘУБЕКЕРОВ. Қала бойынша 60-тан астам бастауыш партия ұйымы бар. Әр сала бойынша атқарылатын жұмыстар ауқымын белгілеп, әлеуметтік мазмұнға ие жобаларды  жүзеге асыруға басымдық берудеміз дейді партия мүшелері. «Нұр Отан» партиясының мүшесі болу - саяси өре мен азаматтық жауапкершілікті  талап етеді. Есепті мерзімде осы талапқа сай болмаған 12 адам партия мүшелігінен  шығарылған. Ал бүгін партия қатары 10 жаңа мүшемен толықты. Есеп беру-сайлау конференциясында партияның белсенді мүшелері марапатталып, облыстық конференцияға делегаттар сайланды.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article