Без рубрики
8 геронтология кабинеті ашылады
Облыста 8 геронтология кабинеті ашылмақ. Алтауы қалалық емханаларда, ал екеуі Бөрлі мен Зеленов аудандарында жұмыс істейді. Сөйтіп, жасы келген жандарды 2 айдан кейін білікті дәрігер-геронтологтар қабылдай бастайды. Бұл медициналық қызметтің сапасын арттырып, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға сеп болмақ. Бірінші емханадағы соғыс ардагерлерінің кабинеті 40 жылдан бері жұмыс істейді. Негізінде штатта геронтолог-дәрігер жоқ, сондықтан қарияларды учаскелік терапевт қарайды. Тұрақты келушілердің бірі Шолпан Нұртасова - тыл ардагері. Тыныс демікпесіне шалдыққан кейуана ІІ топтағы мүгедек. Жасы 80-ге тая