Без рубрики
84 жасөсіпірім диабет дертіне шалдыққан
Қан құрамындағы қант мөлшерінің шамадан тыс көбеюі адам ағзасындағы көптеген өзгерістерге әкеледі. Диабет деген атпен белгілі бұл сырқаттан құлан-таза айығу әзірге мүмкін болмай отыр. Әйтсе де, созылмалы сырқатты тежеу мен қадағалауда ұстауға әркімнің де шамасы бар, дейді дәрігер мамандар. Диабетке шалдыққан науқастар сырқатпен күресе жүріп, белсенді өмір сүруді ұстаным етеді. Сондықтан да олар күн сайын қандағы қант мөлшерін бірнеше мәрте тексеріп, қажетті ем-домын қабылдауды дағдыға айналдырған. Дәрігер-мамандардың айтуынша, бұл сырқат тұқым қуалайды. Бірақ, соңғы кездері зиянды дағды, дұрыс