Без рубрики
Ақтөбе облысында полицейлерге планшет алып беру үшін 13,7 миллион бөлінді
Ақтөбе облысында жергілікті полиция қызметіне 100 планшет сатып алу үшін 13,7 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл шара хаттамаларды қолдан жасудың алдын алу үшін жүзеге асырылып отыр. "Прокуратура бастамасымен облыс әкімдігі планшеттер сатып алады. Бұл жалған хаттамаларды жасаудың жолын кеседі. Осы мақсатта бюджеттен 13,7 миллин теңге бөлінді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Прокуратура өкілдерінің мәліметі бойынша, Ұлттық бюро департаментінде хаттаманы қолдан жасауға қатысты істер қарауда жатыр