Ақтөбеде имамдарға сертификаттар тапсырылды
Имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинар аяқталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан келген имамдар төрт күн бойы құран ережелері, ахида, фикх ілімдері, информатика негіздері пәні бойынша біліктіліктерін жоғарылатқан болатын. Алған білімдерін растайтын құжат ретінде семинар қатысушыларына сертификаттар тапсырылды. Барлығы 48 дін қызметкері қатысқан шара, ұйымдастырушылардың айтуларынша, жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта мұндай оқыту семинарлары еліміздің өзге облыстарында да жалғасын таппақ. Қост