Ақтөбеде имамдардың білімін жетілдіру семинары басталды
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢ бастамасымен еліміздегі діни ахуалды оңалту мақсатында Ақтөбеде республикалық имамдардың білімін жетілдіру семинары басталды. 4 күндік семинардың ашылу салтанатында ҚМДБ уағыз-насихат және Интерпетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат ОҢҒАРОВ игілікті іс-шараның мақсаты мен ерекшеліктерін баяндап берді. - Біз бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманы - ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Имам-молдалардың өркениет көшінен қалмай, дамыған дәуір талабына сай қабілет-қарымын арттыруы маңызды. Бұл семинардың ерекшелігі - ақида (сенім), фиқһ (құқық