Айшуақ ханның құлпытасы табылды
Батыс Қазақстанда Айшуақ ханның құлпытасы табылды. 19-шы ғасырдың мәдени ескерткіші «Самара-Шымкент» күре жолының бойында, Теректі ауданына қарасты Бекей ауылының тұсында орналасқан. Тарихшылар мұны қазақ тарихы ғылымына енгізілген бірегей жаңалық деп отыр. Көне қорым толық зерттелген соң, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына енгізілмек. Бекей қорымындағы құлпытастар бұдан үш жыл бұрын суретке түсіріліп, жинақталған. Бірақ мүк басқан ескерткіштен жазу анық көрінбей, оқылуы кейінге қалдырылған. Жақында бұл суретті әлеуметтік жел