• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде жаңарған теміржол вокзалы қалай жұмыс істейді?

Ақтөбеде теміржол вокзалының ғимараты жөндеуден соң есігін айқара ашты.
Ақтөбеде жаңарған теміржол вокзалы қалай жұмыс істейді?
Ақтөбе облысы әкімдігінің фотосы

Ақтөбеде жаңғыртудан өткен теміржол вокзалы ресми түрде жұмысын бастады. Елу жыл бұрын салынған көне ғимарат заманауи талаптарға сай толықтай жаңартылып, өңірдің көлік әлеуетін жаңа деңгейге көтерді деп Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлайды.

Жарты ғасырлық тарихы бар нысан қалай өзгерді?

Главный баннер

1976 жылы Ақтөбенің теміржол вокзалының іргетасы қаланған. Алты қабатты кешеннің іші-сырты түгелдей жаңарды. Құрылысшылар ғимараттың шатыры мен қасбетін ауыстырып, фиброцемент тақталарымен қаптады.

Бұдан бөлек, инженерлік желілер, соның ішінде жылыту, ауа баптау және желдету жүйелері заман талабына сай жабдықталды. Жолаушылардың жүріп-тұруын жеңілдету үшін лифтер мен эскалаторлар орнатылды.

Жолаушыларға қандай қолайлылықтар қарастырылған?

Жаңартылған вокзал тәулігіне 4,7 мыңдай жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Жалпы ауданы 7,4 мың шаршы метрді құрайтын кешенде күту залдары мен кіреберіс топтары мүлде басқа форматта жасалған.

Кешен ішінде мобильділігі төмен азаматтардың кедергісіз қозғалуы үшін барлық жағдай жасалып, қауіпсіздік мақсатында заманауи бейнебақылау және өртке қарсы жүйелер іске қосылды.

Қандай бағыттарға билет алуға болады?

Бүгінде бұл станция арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне қатынайтын 34 жолаушылар пойызы өтеді. Тұрғындар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Орал, Маңғыстау сияқты қалаларға тікелей от арба қатынайды.

Сондай-ақ вокзал арқылы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бағытындағы халықаралық рейстер де жүреді. Жалпы бұл жоба – мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан аймақтағы жетінші теміржол нысаны.

Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article