Америкалық күйеу бала Иан жұбайы Мадинаның туған жері — Аңқатыға алғаш рет табан тіреді. Мадина әлеуметтік желідегі оқырмандарына өзі өскен ауылдың тыныс-тіршілігін таныстырып, жолдасының алғашқы әсерлерімен бөлісті.
Иан ауылдық өмірдің қыр-сырына қанығып, қайын жұртында қызмет қылды. Ол дәстүрлерге ерекше құрметпен қарағанын байқауға болады. Мейман қонақ күтіп, үлкендердің қолына су құйып, күйеу балалық міндетін абыроймен атқарды. Тек атқа мініп қана қоймай, велосипедпен қыдырып, тіпті ат арбамен серуендеп, қазақы ортаның барынша ыстық лебін сезініп қайтты.