Ана сүті: бала мен ана денсаулығына тигізер пайдасы
Ана сүтімен қоректендірудің пайдасын ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» нәрестелер бөлімшесінің аға медбикесі А.Х. атап айтты. Ана сүті – жарық дүниеге келген сәби үшін теңдессіз қорек. Ананың ақ сүті өзінің сапалы және пайдалылығымен басқа тағамдардан жоғары тұрады. Оны сіңіру жеңіл және баланың ағзасына толық үйлестірілген. Оның құрамында тап сол нәресте үшін арнап даярланған азықтар мен жұқпалы аурулардан қорғайтын заттар бар. Ана нәрестесін емізіп отырған сәтте сондай бір ләззатқа бөленеді, әсіресе мейірленіп, құмарланып емізген уақытта бойынан бір тоқ жүргендей болып, ата бабамыз айтқан