Без рубрики
Аналар зорлық-зомбылыққа қарсылық танытты
Аналар зорлық-зомбылыққа қарсы. Оралдағы «Аналар үйіндегі» қамқорланушылар республикалық акцияға үн қосыт. Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов «Аналар үйінде» болып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандардың жағдайымен танысты. Бұл үйжас аналардың жылы ұясына айналды. Барар жер, басар тауы жоқ олар осында келеді. Әрқайсысының өмірі әр түрлі болғанымен, басынан өткерген оқиғалары мен тағдыр теперіші тым ұқсас. Сатқындық, аяққа тапталған ар-намыс пен жалғыздық. Бірінің ата-анасы некесіз туға сәбиді қабылдамаған, енді бірінің «болашақ жарым» дегені, яғни баланың әкесі одан бас тартқан