Без рубрики
Апатты үйлер мәселесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешілуде
Апатты үйлер мәселесі Оралда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешілуде.Пилоттық жоба өткен жылы қолға алынған болатын. Сол кезде 4 үй сүріліп, орнына жаңа екі көпқабатты баспананың құрылысы басталған еді. Көне үйде тұратын өзге де оралдықтар енді өз мәселесін осылай шеше алады. Орал қаласының Гагарин көшесіндегі 5-ші үйдің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Бірнеше рет жөндеуден өтсе де баспана бастапқы қалпына келмепті. Қабырғалары қақырап, төбесі тесілген. Есік-терезе, едені де әбден ескірген. І топ мүгедегі НАЗЫМ БАЙНУРИНА соңғы 15 жыл бойы тұрғынжайдың жыртығын жамап, қисығын бүтінд