«Ақтөбе» футбол клубында қаржы жымқырған
«Ақтөбе» футбол клубында жүргізілген тексерістер нәтижесінде 250 млн теңге қаржы жымқырылғаны анықталды.

Бас прокуратура «Ақтөбе» футбол клубында қаржы жымқырылғанын хабарлады. Нәтижесінде клубтың 250 миллион теңгесі қолды болғаны анықталыпты. Ойыншылардың трансфері мен әуе тасымалдау бойынша күмәнде мәміле жасасқаны белгілі болды.
Сондай-ақ прокурорлар ойыншылардың тамақтануына арналған қаражат клуб қызметкерлерінің жеке қажетіне жұмсалыпты. Тексеріс нәтижесінде облыс прокуратурасы үш сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық кодекстің 189-бабының төртінші бөлігінің екінші тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының төртінші бөлігінің бірінші тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының төртінші бөлігінің екінші тармағы (алаяқтық) бойынша іс тергелуде. Қазіргі таңда қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолданыпты.
Фото: pexels.com