Ақтөбеде 20 сәуірде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Дүйсенбіде өңірдің батысы, солтүстігі, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнамақ.
Ал, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні қатты жел соқпақ. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Облыс орталығында да жауын жауып, күндіз екпіні қатты жел болмақ.
Бұдан өзге, 20 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау мен Маңғыстау өңірінде де дауылды ескерту жарияланды.