Ақтөбеде "Домбыраны харам" деген ер адам сотталды. Ол 18 сәуірде TIK TOK әлеуметтік желісінде тікелей эфирде ұлттық аспапқа тіл тигізіп, музыкалық аспапты ер адам жыныс мүшесіне теңеді. Сондай-ақ, тікелей эфирде муфтияттың қызметкерлерін «тозақтың иттері» деп те атаған.
Сотталушының бұл пікірі қоғамда үлкен резонанс туғызды. Қазақстандықтар домбыраға тіл тигізген адамды жауапқа тартуды сұраған еді. Тіпті "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" бұл пікірді теріске шығарды.
Сотта ұлттық аспапқа тіл тигізген тұрғын кінәсін мойындапты. Ақтөбе қаласының №2 соты домбыраны харамға балаған тұрғынды қылмыстық кодекстің 174-бабы, бірінші тармағы бойынша кінәлі деп тауып, оны үш жыл, алты айға бас бостандығынан айырды.
Ақтөбеде домбыраға тіл тигізген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды