Әлеуметтік желіде домбыраға тіл тигізіп, оны харам деген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаменті хабарлайды. Күдіктінің қазақтың ұлттық аспабына қатысты пікірі қоғамда діни алауыздық тудырып, өшпенділік тудыруға негізделген, -деп баға берді құқық қорғаушылар. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде жарияланған пікірдің иесін тауып, анықтапты.
Даулы пікірдің иесі біраздан кейін қазақстандықтардан кешірім сұраған видеосын желіге жүктеді. Бірақ, ол домбыраны харам деген пікірінен таймады.
- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, -деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаменті.