Ақтөбелік оқушылар әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің портретін LEGO-дан жасады. Өрендер портрет жасау үшін бір аптадай еңбектенген. Олар үш мыңға жуық LEGO бөлшегін қолданған. Туындының авторы Бейбарыс Амангелдіұлы мен Жасмин Жұмагелдіқызы. Олар "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынған №82 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды.

Өнерпаздар туындыларын халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған "Балалық шақ-бақыт мекені" атты мерекелік іс-шарада таныстырды. Мерекелік жиын өнер орталығында өтті.

Аймақ басшысы оқушылардың еңбегін атап өтіп, олардың жұмысына жоғары баға берді.