Ақсайда мектеп автобусы өртенді
Оқиға 21 сәуірде тіркелді.

Бөрлі ауданының орталығында мектеп автобусы өртке оранды.
Автобус Ақсай қаласының №8 мектебіне тиесілі екен. Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің таратқан ақпарына сүйенсек, 21 сәуірде 17:25 шамасында оқушыларды тасымалдайтын көлік құралы тұрақта тұрған кезінде автобустың капотынан қызыл жалын тұтанған.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнында оқушылар болмағанын хабарлады. Тілсіз жаудың кесірінен адам шығыны тіркелмепті. Көлік жүргізушісі оң жақ қолынан жарақат алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, өміріне қауіп төнбегендіктен үйіне жіберілген көрінеді.
Фото: pexels.com