Танымал қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова жұбайы, ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жасқа толған мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті, деп хабарлайды Мой Город.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан түсірілген бейнежазбалармен бөлісті. Кадрлардан мерекелік жиынға отбасы мүшелері, телеарнадағы әріптестері және отандық шоу-бизнес өкілдері қатысқаны байқалады. Қонақтар арасында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина сынды танымал өнер иелері бар.

“Гүлнұрдың жолдасы Серікбай Өрікбайұлы 70 жасқа толды”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап жатыр. Көпшілік ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығына қатысты түрлі пікір білдірген.

“Атасына тұрмысқа шыққан ба?”, “Оның бірінші отбасы болған ғой…”, “Осындай жасы үлкен кісіге қалай тұрмысқа шыққан?”, “Бәлкім, ықпалды адам болған кезде қосылған шығар”, “Оған эфирді жиі беретіндері осы кісіге байланысты емес пе?”, “Әкесіндей адам ғой”, “Бұрын жолдасын көп көрсете бермейтін”, “Мерейтойы құтты болсын!” – деп жазды пікір қалдырғандар.