• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда 338 медицина қызметкері әлеуметтік төлемсіз қалды

Мемлекеттік мекеме қызметкерлердің зейнетақысы мен әлеуметтік аударымдары аудармаған.
Атырауда 338 медицина қызметкері әлеуметтік төлемсіз қалды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Атырау облысында 425 адамның құқығы бұзылды.Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Заң бұзушылықтың бірі-Махамбет ауданында тіркелген. Орталық аудандық аурухана 338 адамның зейнетақы және әлеуметтік аударымдары аударылмай келген. Прокурорлар тексерісінде мекеме 29 миллион теңгені аудармағаны анықталған.

- Осындай бұзушылықтар «Махамбет Су» КММ-нің 85 қызметкеріне қатысты да анықталды, мұнда 21 миллион теңге көлемінде жарналар төленбеген, -деп хабарлады бас прокуратура.

Зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлемеген мекемелердің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Главный баннер --> after article