Атырауда бір топ ер адам полиция қызметкерлерін соққыға жықты. Соның кесірінен екі тәртіп сақшысы зардап шекті. Қылмыс үшінші сәуірде Атыраудың Мақат ауданында тіркелген.
Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, заң бұзғандардың барлығы анықталған. Оларға қатысты тиісті шара қабылданыпты.
Бүгінгі таңда тәртіп сақшыларын соққыға жыққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Полиция қызметкерлерін не себепті соққыға жыққан? Қанша адам ұсталғаны беймәлім.