• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда екі жасөспірімді судан құтқарды

Олар үрмелі матраспен жағадан алыстап кеткен.
Маңғыстауда екі жасөспірімді судан құтқарды
Фото видеодан стоп кадр

Маңғыстауда екі жасөспірімді Каспий теңізінен құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында тіркелген. Құтқарушылар «Ерсай» аумағында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде 2012 және 2013 жылы туған екі жасөспірімді анықтапты. Олар үрмелі матраспен жағадан шамамен бір шақырым қашықтыққа алыстап кеткен. Абырой болғанда төтеншеліктер жасөспірімдерді құтқарып, оларды жағаға жеткізген.

 

Главный баннер --> after article