• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Әуежайда бомба бар» деп қалжыңдаған «Қайрат» клубының дәрігері жауапқа тартылды

Әуежайда «әзілдеген» дәрігер айыппұл арқалады.
«Әуежайда бомба бар» деп қалжыңдаған «Қайрат» клубының дәрігері жауапқа тартылды
Фото "МГ" ақпарат агенттігінің мұрағатынан

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың ішкі рейстер аймағында тіркелу кезінде «Қайрат» футбол клубының дәрігері қауіпсіздік қызметкеріне үстінде жарылғыш зат бар деп әзілдеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыдан кейін әуежайда қауіпсіздік режимі күшейтіліп, оқиға орнына кинологтар мен полиция қызметкерлері шақырылды. Ер адам рейске жіберілмей, оған қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.

Мамандардың айтуынша, әуежай аумағында мұндай сөздер қалжың ретінде айтылғанның өзінде қауіпсіздік жүйесінің толық іске қосылуына әкеледі.