Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап автолизинг іске қосылады

1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған автолизинг жұмысын бастамақ.

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап автолизинг іске қосылады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда бірінші желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған автолизинг іске қосылмақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді. 

Автолизинг —  бұл темір тұлпардың құнын ұзақ уақытқа бойы бөліп төлеу. Тұтынушы көлікті лизингке беретін компаниямен келісімшартқа отырып, ақысын төлейді. Жаңашылдық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізбек. 

Мәжіліс депутаты осы бастаманы алғаш 2023 жылы Respublica партиясы ұсынғанын хабарлады.

— Көлік сатып алу көптеген қазақстандықтар үшін қиын мәселе. Көпшіліктің қымбат несиеалуға немесе жылдар бойы алғашқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз екіжыл бұрын алғаш көтердік. Бүгінде ол нақты нәтиже берді — Президент тапсырмасыменжеке тұлғаларға арналған автолизинг механизмі іске қосылады. Бұл — азаматтар үшінкөлікке шынайы қолжетімділіктің жаңа қадамы, — деді депутат Олжас Құспеков.

Ел аумағында жеке тұлғаларға арналған көлікті лизинге беру туралы ұсынысты сауда және интеграция министрлігі қоғамның талқысына салды. Министрлік:«Автолизинг тетігін енгізу арқылы көліктің қолжетімділігін арттырып, ішкі нарықты дамытып, бәсекелестікті нығайтуға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp