2 часа назад

Қазақстанда ЖЭО хакер шабуылынан қорғайтын орталық құрылмақ

Жаңа орталық жылу-электр станцияларын хакерлік шабуылдан қорғайды.

Қазақстанда ЖЭО хакер шабуылынан қорғайтын орталық құрылмақ
Фото: pixabay.com

Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдан қорғайтын жаңа мамандандырылған ақпараттық қауіпсіздік орталық құрылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді. 

Мұндай құрылымды құру қажеттілігі энергетика объектілерін қарқынды цифрландыру аясында киберқатерлердің өсуіне байланысты пайда болған. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық басқаруға көшу ЖЭО сияқты нысандардың жұмыс тиімділігін арттырғанымен, сонымен бірге сырттан араласу қаупін де тудырып отыр.

— Бұл өз алдына жеке маңызды сала болғандықтан, мұнда саланың ерекшелігін, онда қандай құрылғылар барын, қандай үзілістер болатынын білетін мамандар қажет. Міне, осы бағыт пен процестерді түсінетін мамандар ғана барлық маңызды энергетикалық нысандарға жаңа талаптар әзірлеуі керек, — дейді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун. 

Фото: pixabay.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp