3 часа назад

Президент Қазақстанда бір палаталы Парламент құруды ұсынды

2027 жылы Сенатты тарату бойынша жалпы ұлттық референдум өтеді

Президент Қазақстанда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді
Ақорданың фотосы

Қазақстанда парламент реформа жүзеге асуы мүмкін. Президент кезекті жолдауында парламенттік жаңашылдықтың қажеттілігі 25 жылдан бері айталып келе жатырғанын атап өтті.

— Сенат 1995 жылы елімізде күрделі әрі тұрақсыз саяси жағдай болып тұрған сәтте Парламенттің жоғары палатасы ретінде құрылды. Ол кезде мемлекеттігіміздің негізі енді ғана қалыптаса бастаған аса қиын жолдың басында тұрған едік. Сенатқа мемлекет құру ісіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету тарихи міндеті жүктелді. Өткен 30 жылда Сенат өзінің осы аса маңызды тарихи миссиясын абыроймен, тиімді атқарып шықты, — деп Сенатқа жоғары баға берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кезекті жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді. Ол бір жылдай бұл ұсынысты талқылап, 2027 жылы жалпы ұлттық референдум ұйымдастыруды ұсынды. Содан кейін Конституцияға өзгерістер енгізілмек.

— Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын, — деді Қазақстан Республикасының президенті.

Бұған дейін сенатор депуттаттары жалпы ұлттық референдумның қорытысынына дейін қызметін жалғастырады. Ал, саяси партиялар бәсекелі тартысқа дайындалмақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp