Қазақстан 3 жылда цифрлы мемлекетке айналуы керек
Цифрлық жаңашылдықтар түрлі салаға енгізілмек.

Президенттің кезекті жолдауы жасанды интеллект пен цифрландыруға арналды. Жаһан елдері ұмтылған жаңашылдықты меңгеріп, түрлі салаға енгізу жайлы мемлекет басшысы пәрмен берді. Әсіресе, медицина, фармацевтикалық өндірісті жолға қойып, әлеуетін арттыруға мән берілмек.
Медицина саласында цифрландыру жайлы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Тимур Әжіғалиев медицина саласында қолданылып жатқан цифрландыруға байланысты пікірімен бөлісті.
— Медициналық ақпараттық жүйелер кезең-кезеңімен енгізілуде, телемедицина кеңеюде, пациенттерді Face ID арқылы сәйкестендіру жобалары іске қосылуда. Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі енгізіліп, госпитальдық фармация бөлімшелері ашылуда. Сонымен қатар «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алдағы жылдары жаңа нысандар салу, жұмыс істеп тұрған мекемелерді күрделі жөндеу, аудандық ауруханаларды көпсалалы сипатқа көшіру жоспарлануда, — дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Тимур Әжіғалиев.
Фото: istockphoto.com