Қазақстандық мектептерде 195 стоматологиялық кабинет ашылады
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық мектептерде 195 стоматологиялық кабинет ашылады деп хабарлады.

Қазіргі таңда қазақстандықтарда тісжегі мен қызыл иектің патологиясы сияқты ауыз қуысының аурулары жиі кездеседі. Бұл- денсаулыққа зиян. Елімізде екі жастан бастап 17 жасқа толмаған балалардың тісін тегін тексереді.
— Соңғы жылдары Қазақстанда ауыз қуысы ауруларының өсуі, оның ішінде тісжегі мен тіс жұлудың асқынған түрлерінің саны байқалды. Тексерілген он баланың жетеуіне тісжегі бар тістер диагнозы қойылады. Осыған байланысты, өткен жылы министрлік 2024-2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» мектеп жасындағы балалардың стоматологиялық ауруларының профилактикасын жетілдіру жөніндегі жол картасын бекітті. Білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеттерін ашу және одан әрі жұмыс істеу бойынша ҚР Білім министрлігімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді, - делінген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Іс-шаралар аясында 2025 жылы қазақстандық мектептерде 195 стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетін ашу жоспарланған. Дәрігерлер ауыз қуысының саулығы үшін қарапайым профилактикалық шараларды уақытылы жасауға шақырады. Күніне екі рет тіс жуып, дұрыс тамақтанып, жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралып тұру керек.