Баланы ұрған тәрбиеші сотталды
Оқиға Ұлытау облысы, Жезқазан қаласында тіркелген.

Ұлытау облысында балабақшада үш жасар баланы ұрған тәрбиеші сотталды. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотта педагог құқық бұзғанын мойындапты.
Алайда, оның бүлдіршінді ұрғаны мектепке дейінгі мекеменің бейнебақылау камераларының бейнежазбасына түсіп, расталды.
Баланы ұрған тәрбиеші үш жылдай педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды. Және сотталушыға 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
- Ақтауда судья 9 жылға сотталды
- БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 228 мың көшет отырғызылмақ
- БҚО-да биыл 20 велосипед ұрланған
Фото: pexels.com