4 часа назад

БҚО-да биыл 20 велосипед ұрланған

БҚО-да велосипед ұрлығы тіркелуде деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО-да биыл 20 велосипед ұрланған
Фото: pexels.com

Күн жылынған шақта велосипед ұрлығы көптеп тіркеледі. Өңірде биыл осындай 20 қылмыс тіркелген. Оның он төрті табылыпты. Қазіргі таңда алты іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасө қызметі хабарлады. 

Тәртіп сақшылары Орал қаласында  үйдің дәлізінде қараусыз қалдырған велосипед ұрлағанын хабарлады. Дәл осындай оқиға Шыңғырлау ауданында тіркеліпті. Аудан тұрғыны дүкенге кіріп шыққанша, мүлкін ұрлап кетіпті. Қос жағдайда ұрланған велосипед табылып, иелеріне қайтарылған. Қазіргі таңда қос қылмыс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр екен. 

Полиция қызметкерлері  мүліктің қолды болмасы үшін сақтық шараларын сақтауды еске салады. Велосипедті әрдайым сенімді құлыптармен бекітіп қою керек. Оны дүкен мен дәліз сияқты қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше велосипедті жабық, күзетілетін жерлерде сақтау шарт.  Раманың сериялық нөмірі мен жеке белгілерін жазып алып, сатып алу құжаттарын сақтау және велосипедті суретке түсіріп қою қажет. Тәртіп сақшылары велосипедті ұрлаған жағдайда дереу полиция хабарласуды сұрайды.  


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp