Балық өсірудегі ғылым мен өндірістің бірлестігі
БҚАТУ жанындағы индустриалды балық шаруашылығының тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскесі биыл 2 млн. шабақты суға жібермек. Бұл өңір шаруашылықтарымен арадағы келісімге сай іске асуда. Қазір университет ғалымдары кәсіптік негізде тұқы және сазан балықтарын өсіріп, уылдырық алып отыр. Бір тұқы балығы 300 мыңнан 800 мыңға дейін уылдырық шашады екен. Ал дернәсілдің өміршеңдігі жабық тоғанда 80 пайыз болса, табиғи ортада 20 пайыз. Соның өзі де едәуір сан. Бүгінде университет «Айбек», «Қайрат», «Квант», «Қауметов» сияқты шаруашылықтармен әріптестік қатынас орнатып, тоғандарын шабақпен толтырып отыр. Бұл