• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Астана қаласында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батысқазақстандық спортшы Ринат Қалмияров боччадан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Спортшы бақ сынаған ел біріншілігі Астана қаласында шілденің үші мен алтысы аралығында өтті. Қазақстан чемпионатында 16 өңірдің спортшылары бақ сынады. Жарыс елорданың Инклюзивті спорт орталығында ұйымдастырылды. 

— Батыс Қазақстан облысының спортшысы Ринат Қалмияров ВС3 санатында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды! Рамп-операторы Жансерік Қалмияров болды. Жерлесімізді айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.  

Бочча – қимыл-қозғалысы шектеулі спортшыларға арналған дәлдікке негізделген паралимпиадалық спорт түрі. Ойын барысында қатысушылар былғары доптарды нысана допқа барынша жақын орналастыруға тырысады. Аталмыш спорт түрі Паралимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енген.

 

Главный баннер --> after article