• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Батысқазақстандық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Батысқазақстандық спортшы Әсемгүл Ғалымжанова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынайды.
Батысқазақстандық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батысқазақстандық спортшы Әсемгүл Ғалымжанова VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Спортшы Астана қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан «Чемпиондар лигасы» республикалық турниріне қатысып, халықаралық жарысқа жолдама алды. Әсемгүл ұлттық құрама сабына енген.Құралайды көзге атқан мерген ел намысын дүниежүзілік көшпенділер ойынында қорғамақ.

Көшпенділер ойыны биыл Қырғыстан елінде 31 тамыз бен алтыншы қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Ойынның салтанатты ашылуы Бішкек қаласында ұйымдастырылмақ. Бұл сайысқа 89 елден төрт мыңға жуық спортшы қатысады екен.

Главный баннер --> after article