«БатысМарқаЛамб» ЖШС алғашқы экспорттық өнімін шетелге шығарды
«БатысМарқаЛамб» серіктестігі Иранға мың жарым тонна тоңазтылған қозы етін экспорттамақ. Бұл жоба жергілікті кәсіпорын мен парсының «Санаие» комапниясы арасындағы келісімнің негізінде іске асып отыр. Он сегіз тонна көлеміндегі алғашқы өнім жиырма бірінші шілдеде жөнелтілді. Яғни, марқа еті алдымен жүк көліктерімен Ақтау қаласына, кейін ұшақ арқылы Тегеранға жеткізілмек. - Қазақстандағы мал еті өте құнарлы. Сондықтан екі ел арасындағы достық байланысты пайдалана отырып, әріптестік қатынасты нығайтып отырмыз. Алғашқы өнім аттанды. Енді аптасына үш мәрте марқа етін қабылдауды жоспарлап отырмыз. Б