Батысқазақстандық спортшы дзюдодан Еуропа кубогінде бақ сынады. Қыдырбай Мырзатай сайыстың қола медалін қанжығалады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Еуропа кубогі Италияның Линьяно қаласында өтті. Қыдырбай жастар арасындағы байрақты бәсекеде 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, оралдық спортшы жастар арасындағы мұндай халықаралық жарыста алғаш рет бақ сынапты.

Еуропа кубогіне әлемнің 28 елінен 595 спортшы қатысқан.