Без рубрики
Базарлар мен ойын-сауқ орталықтарында ұрлық көп
Қалада тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың жартысынан астамы – ұрлық-қарлық. Тіпті азаятын түрі жоқ. Жыл басынан бері 4637 оқиға қағазға түскен. Соның 20 %-дан астамы сауда-ойын-сауық орындарында және базарларда жасалады екен. Бұл келеңсіздікті азайту үшін қалалық прокуратура «Ұрлыққа тосқауыл» жобасын қолға алды. Бұған дейін шенділер ұрылар жиі мінетін қоғамдық көліктер мен аялдамаларды анықтаған. Енді сауда-саттық және халыққа қызмет көрсететін нысандар – назарда. Кісі қалтасына қол салатын тексіздер бейқам жүрген жандарды бағады. Айналада бейнебақылау камералары жоқ болса, олар үшін ті