Биыл Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында 11 жоба іске қосылады
Соның бірқатарымен облыс әкімі Алтай Көлгінов танысты. Агран компаниясы сэндвич-панель зауытының құрылысын қолға алды. Өңірде жоқ өндірісті өрістету, Ресейден тасылатын өнім көлемін кемітпек. Қазіргі таңда облыстың аталған өнімге қажеттілігі жылына 150 мың шаршы метр болса, жаңа зауыттың қуаттылығы 500 мың шаршы метр. - Жобаның құны 1 млрд. теңге. Мемлекеттік қолдау шеңберінде жеңілдетілген несиеге қол жеткіздік. Технологиялық желі Корей елінен әкелінеді дейді, «Агран» ЖШС атқарушы директоры Василий Балакирев. Зауытты жыл соңына дейін іске қосу көзделіп отыр. Өз кезегінде дайын өнім елімізбен