• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы аяқталды

Биыл өңірде 1600-ден астам жас маусымдық жұмыста еңбек етті.
БҚО-да «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы аяқталды
БҚО әкімдігінің фотосы

Батыс Қазақстан облысында жазғы маусымда жастарды уақытша жұмыспен қамтуға бағытталған еңбек маусымы аяқталды. Биыл жаз айларында өңір бойынша 1600-ден астам жас маусымдық еңбекпен қамтылып, уақытша жұмысқа орналастырылды.

Оның ішінде 1086 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында еңбек етті. «Жасыл ел» маусымы өңірімізде бірінші маусымда ресми ашылу рәсімінен бастау алды. «Жасыл ел» жобасы жастардың жазғы уақытын тиімді өткізуімен қатар, олардың еңбекке араласуына, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына және қоғамдық ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді. Жастар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қоса отырып, еңбекқорлық, жауапкершілік және командалық жұмыс секілді маңызды дағдыларды қалыптастырды.

Главный баннер

Маусым барысында Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасы өңірдегі барлық деңгейдегі жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтармен бірлесе отырып еңбек жасақтарының жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып, жастарға қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалды. Басқармамен сарбаздар толықтай жұмысқа қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Белсенді жастар қоғамдық жұмыстарға атсалысып қана қоймай, өңірдегі экологиялық және абаттандыру бағытындағы бастамалардың жүзеге асуына өз үлестерін қосты. Орал қаласының өзінде бес жүзге жуық жас қамтылып, оның ішінде 60 жас орман қорын күтіп-ұстау шараларына жұмылдырылды.

Бұл жұмыстар мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеологиясымен үндесіп, жас буынның елді мекендерді таза ұстауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және туған өлкенің абаттануына жауапкершілікпен қарауына жол ашады. Тазалықты тек науқандық жұмыс емес, күнделікті өмір салтына айналдыруда жастардың белсенділігі айрықша маңызды.

Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article