2 часа назад

БҚО-да 2025 жылдың 7 айында ана өлімі тіркелмепті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың жеті айында тірі туған 1000 балаға шаққанда 6,4 пайыз нәрестенің өлімі тіркелгенін хабарлады.

БҚО-да 2025 жылдың 7 айында ана өлімі тіркелмепті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында биылғы жылдың жеті айында ана өлімі тіркелмепті. Алайда шақалалықтар дүние салыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, өлім-жітім дерегі тірі туған мың баланың 6,4 пайызды құраған. 

Жауапты басқарма өткен жылдың жеті айында «Ана өлімі көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 15,2‰ құрады. Бала өлімі көрсеткіші 2024 жылдың алты айында 1000 тірі туған балаға шаққанда 6,7‰ құрады, деп ақпарат таратты. Дәрігерлер шақалақтардың дүние салуының себебін ауыр экстрагенитальды аурулар екенін айтады.

— Облыстық денсаулық сақтау басқармасы: «Ана мен бала өлімінің әр жағдайына  талдау жүргізіліп, тиісті басқару  шаралары қабылданды, — деп мәлімдеді.

Дәрігерлерден ана мен өлімін болдырмау үшін қайтпек керек деп сұрадық.

— Жүктілікті жоспарлау алдында әйел мен ер адам толық тексеруден өтуі тиіс. Жүктілікке дайындық - бұл асқыну қаупін төмендетуге және дені сау бала туу үшін оңтайлы жағдай жасауға көмектесетін маңызды қадам.Жүкті әйелдер клиникалық хаттамаларға сәйкес уақытылы медициналық бақылаудан өтуі тиіс, — делінген Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми жауабында.

Дәрігерлер жүктілікті жоспарлау керектігін айтады. Аяғы ауыр келіншектер кемі төрт рет медициналық бақылаудан өтуі тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы : «Әйел адам дайындықты ерте бастаса, жүктілік асқынуларының жартысынан көбінің алдын алуға болады», деседі.

— Жүктілікті жоспарлау алдында әйел мен ер адам толық тексеруден өтуі тиіс.Гинекологқа және терапевтке бару: репродуктивтік жүйенің жай-күйін бағалау, созылмалы ауруларды анықтау және емдеу. Зертханалық талдаулар: қан мен несептің жалпы талдауы, қант деңгейі, қалқанша безінің гормондары, инфекциялар (АИТВ, В және С гепатиті, мерез, TORCH-кешені) жүргізілуде. Жүктілік кезінде инфекцияларды болдырмау үшін кариесті және ауыз қуысының қабынуын емдеу. Созылмалы аурулар болған жағдайда - офтальмолог және басқа да бейінді  мамандардан ем алу керек. Кейбір инфекциялар әсіресе жүктілік кезінде қауіпті. Мысалы, қызамық ұрықтың дамуында елеулі кемшіліктер тудыруы мүмкін. Егер әйелдің оларға иммунитеті болмаса, егуді ұрықтанудан кемінде үш ай бұрын жүргізеді. Қызамық, қызылша, шошқа тұмауы, дифтерия, сіреспе, маусым бойынша тұмауға қарсы  вакцинациялау ұсынылады. Ана болуға дайындалып жатқан әйелдің рационы толыққанды және әр түрлі болуы тиіс:ақуыз көздері ет, балық,бұршақ,көкөністер мен жемістер, тұтас дәнді өнімдер,кальцийге,темiрге және йодқа бай өнiмдерді көп тұтыну керек, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми жауабында.

Дәрігерлер Фолий қышқылы жоспарлау кезеңіндегі негізгі витамин: ұрықта нерв түтігінің даму кемістігі қаупін төмендетеді деп ескертеді. Алкоголь, темекі шегу және есірткі заттары репродуктивті жүйеге теріс әсер етеді және туа біткен патологияға әкелуі мүмкін.Темекі шегу түсік тастау және мерзімінен бұрын босану, алкоголь фетальды алкогольге тәуелділік синдромы қаупін арттыратын көрінеді.  

Өңірде биыл ана мен баланың өлімін азайту үшін медициналық мекемелер замауи құрал-жабдықпен жабдықталып, ақ халатты жандардың білім-білігін арттыру қажет. Биыл осы мақсатта босандыру мен балаларға қызмет көрсету үшін 18 медициналық құрал-жабдық сатып алынған. Бұл үшін 1454,6 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы биыл 54 жас маман жұмысқа қабылданған. Алты акушер-гинеколог Бөрлі, Сырым, Тасқала, Казталов, Теректі, Жаңақала ауданында жұмыс істейді. 

Ал бес неонатолог, алты анестезиолог-реаниматолог Бөрлі, Жалпақтал, Сырым, Жәнібек, Казталов аудандарында, бес педиатр Ақжайық, Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау ауданы мен Жалпақтал ауылдық округінде еңбек етеді. Замануи құрал-жабдықпен қамтудан бөлек, адам жанын ажалдан арашалап қалатын дәрігерлердің білігін шыңдауда күн тәртібінен түспейтін сауал. Облыстық перинаталды орталығы базасында ота жасау дағдылары  және жүкті әйелдер мен балларға шұғыл медициналық көмек көрсету  бойынша 40 маман оқытылыпты.

— "University Medical Center" корпоративтік қоры және "Бөрлі аудандық ауруханасы" КПО қолдауымен жұмыс орнынан педиатрларды, акушер-гинекологтарды, неонатологтарды, анестезиолог-реаниматологтарды жедел дағдылар бойынша оқытуды және басқа да шеберлік сыныптарын өткізілді. Апта сайын тұрақты негізде аппараттық кеңестер өткізіліп, нәресте өлімін азайту және ана өлімінің алдын алу мәселелері талқыланады, — делінген Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми жауабында.

Ана мен баланың денсаулығы қашан да өзекті. Ата-аналар дені сау сәби сүюді армандайды. Осы арманның орындалуы үшін шенді мен шекпені, дәрігерлер мен күллі қоғам болып, аянбай жұмыс істеуі тиіс. Әр бала- Қазақстанның ертеңі! Ал, болашақтың капиталынан аянып қалу арға сын.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp