• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да қарғын судың қаупінен бөгет жырылды

Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында бөгетті жырды.
БҚО-да қарғын судың қаупінен бөгет жырылды

Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында бөгет жырылды. Қарғын су ауылға қауіп төндіргесін ауыл әкімі түнгі 03:30 шамасында бөгетті жырып, қар суын Шаған өзеніне ағызып жіберуге шешім қабылданыпты. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына келетін қауіп жоқ көрінеді.

— Қазір суларын ағызып жіберді. Әлі су ағып жатыр. Қазір су азайғаннан кейін, қайтадан жауып тастайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жер кепкеннен кейін істейді,- дейді  Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов.

Главный баннер

Бәйтерек ауданы әкімдігінің хабарлауы бойынша, қазір тұрғындарға келетін қауіп жоқ. Бөгетті «БайтерекЖолҚұрылыс» ЖШС қайта қалпына келтірмек.

Главный баннер --> after article