3 часа назад

БҚО-да дүкенге кетіп, оралмаған қыз бала табылды

Оқиға Тасқала ауданында тіркеліпті.

БҚО-да дүкенге кетіп, оралмаған қыз бала табылды
БҚО ПД фотосы

Батыс Қазақстан облысында дүкенге кетіп, оралмады деген қыз бала  табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Оқиға Тасқала ауданында, 22 тамызда тіркелген. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы сағат 21.20 аудандық полиция бөліміне қызының жоғалғаны туралы арыз түсірген.  

-Анасының айтуынша, қыз дүкенге оның танысымен бірге шығып, кейін оралмаған. Дереу жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеуге полицияның барлық бөлімшелері жұмылдырылды,-делінген Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 23 тамызда полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды қолға түсірген. Ол жоғалған қыздың жүрген жерін көрсеткен. Қыз бала ауылдың шетінен табылыпты.

Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp