5 часов назад

Бөрлі ауданында 30 мың жұмысшы маман бар

Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.
Фото: pexels.com

Биыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп белгіленді. Негізгі мақсат- жұмысшы мамандарға деген құрметті арттырып, сұранысқа ие мамандарға деген кадр тапшылығын азайту. Осығай орай, ел аумағында түрлі іс-шара өтіп жатыр.

Қазіргі таңда Бөрлі ауданында 30 мыңға жуық адам жұмысшы маман болып тер төгеді. Олар ауданның әлеуметтік дамуы мен экономикасын дамыту үшін білек сыбана жұмыстанып жатыр. Аудан көлемінде бір кәсіпорында жанұяның бірнеше мүшесі еңбектенуде. Мысалы Кужахметовтар отбасы «Лигабуе Центральна Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді. Ал, Шуиншалиевтар жанұясы «Аксайавтотранс» акционерлік қоғамында, Балуанғалиев әулеті «КИОС» мекемесінде қызмет атқарады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлау мәселесі күн тәртібінен түспейді. Ауданда жұмысшы мамандарды даярлайтын үш оқу орны бар. Олардың екеуі- мемлекеттік колледж, біреуі -жекеменшік оқу орталығы. Моноқалада орналасқан Ақсай техникалық колледжінде алты мамандық бойынша

300-ге жуық студент білім алуда. Олар электр жабдықтары,  дәнекерлеу ісі, ауыл шаруашылығын  механикаландыру, тамақтандыруда  ұйымдастыру,  мамандықтары автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, мұнай газды қайта өңдеу технологиясын меңгеруде. Ал, Бөрлі колледжінде 450-ге жуық жас оқиды. 

Студенттер электрмен қамтамасыз ету, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану, ландшафттық дизайн, орман шаруашылығы, мұнай  мен газды қайта өңдеу технологиясы мамандығында білім алады. «Батыс өндіріс құрылыс сервис» мекемесінде балташы, ағаш конструкцияларын құрастырушы, жүк ілгеуші, бетоншы, оқшаулаушы, слесарь, электр монтер, дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқытады.

Бұдан өзге аудан көлемінде екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерге арналған қысқа мерзімді курстарға оқыту мәселесі жолға қойылыпты. Өткен жылы Бөрліде 35 жұмыссыз кәсіптік оқу оқып, жаңа мамандықты иегеріпті. 2025 жылы да 35 аудан тұрғынын он мамандық бойынша қысқа мерзімді курсқа оқыту жоспарланыпты.

Аудан тұрғындарының сауалдарына беру мен «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Ашық есік» күндері мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Әкімдік мұндай іс-шаралар келешекте де өз жалғасын табады деседі.

Фото: pexels.com



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp