Атырау облысында 134 мың бала жазғы демалыспен қамтылмақ
Бұл үшін қазынадан 619,5 млн теңге бөлінді.

Оқу жылының аяқталуына санаулы күн қалды. Атырау облысында биылғы оқу жылын 7415 оқушы мектеп түлегі атанбақ. Оның 6535-і мемлекеттік мектепті аяқтайды. Қалғаны жеке меншік мектепті бітіреді. Биыл облыста 13605 оқушы тоғызы сыныпты аяқтайды.
Атырау облысында биыл жазғы маусымда 134 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылмақ. Бұл аймақтағы оқушылардың 93 пайызын құрайды. Жазғы каникулды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 619,5 миллон теңге бөлінген. Екінші маусымнан бастап әлеуметтік осал топ санатындағы жанұялардың балаларына Ресей Федерациясының Железноводск қаласындағы “Қазақстан Геологі” шипажай-емдеу пансионатында демалыс ұйымдастырылады. 1530 оқушы пансионатта демалмақ.