• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 2025 жылы 81 адам жол апатынан қаза тапты

Өткен жылы жол апатының кесірінен 1980 адам жарақат алыпты.
БҚО-да 2025 жылы 81 адам жол апатынан қаза тапты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 1020 жол көлік апаты тіркелген. Соның кесірінен 81 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәлімдеді. Халық алдында есеп берген Арман Молдиярұлы былтыр 2024 жылмен салыстырғанда жол апатынан қаза тапқан жандардың саны азайғанын атап өтті. Статистикалық дерекке сүйенсек, 2024 жылы өңірде 103 адам жол көлік апатынан дүние салған.

Десек те, өткен жылы аймақта 1980 адам жол апатының кесірінен жарақатын алыпты.

Облыста жол апатын азайту үшін жұмыс жалғаспақ.

Главный баннер --> after article