Биыл Батыс Қазақстан облысында 7656 бала мектеп бітіреді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. Сала мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, түлектердің 437-сі "Алтын белгі" төсбелгісіне, 448-і "Үздік аттестатқа" үміткер атанған.
Биыл өңірде 126 мың оқушы білім беру беру мекемелерінде білім алуда.
Оныншы мамырда негізгі ҰБТ басталады. 2026 жылы Батыс Қазақстан облысында 7286 бала Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Білім сынағы оныншы шілдеге дейін жалғасады. Оған қатысу үшін талапкерлер 25 сәуірге дейін өтініш берді.
Биыл негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыруға болады. Түлектер ең жақсы нәтижемен университеттердің грантына тапсыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Маңғыстауда он мыңнан астам бала мектеп бітіреді.