4 часа назад

БҚО-да ардагер спортшы 80 шақырымды жаяу жүріп бағындырды

Қария Жеңістің 80 жылдығына орай жаяу жүрісті сәтті еңсерді.

БҚО-да ардагер спортшы 80 шақырымды жаяу жүріп бағындырды
БҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының фотосы

Ақжайық жұртшылығына етене таныс, облыста мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуға аянбай тер көккен, параспортшы Құбайдолла Хасанов 80 шақырым жаяу жүрді. Ақсақал жаяу жүрісін Жеңістің 80 жылдығына арнапты.  Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы мәлімдеді. Ол күн сайын он шақырымды бағындырып отырған. Қария аяғынан жарақат алғанына қарамастан  батыл қадамға барды.

Осыған орай, 2025 жылғы 8 мамырда Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов ардагер спортшыны арнайы қабылдап, оған алғыс хат табыстады. Басқарма басшысы Құбайдолла Хасановтың бұл бастамасы жастарға үлгі, ел спортына қосқан өлшеусіз еңбегі екенін атап өтті.

Құбайдолла Хамзаұлы — пара пауэрлифтингтен 2 дүркін Азия чемпионы (2004 ж. — Үндістан, 2006 ж. — Филиппин), сондай-ақ өңірдегі параспорт қозғалысының дамуына белсенді түрде үлес қосып келе жатқан тұлға. Ол өзінің саналы ғұмырын ел спорты мен салауатты өмір салтын насихаттауға арнаған.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ардагер спортшының бастамасын қолдай отырып, бұқаралық спортты дамыту мен жас ұрпаққа өнеге болуда осындай азаматтардың үлесі ерекше екенін атап өтеді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp