• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда 333 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы жағдайды жариялады.
Қазақстанда 333 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады. Зерттеулер халықаралық еңбек ұйымының стандарты бойынша жүргізілген. Ұлттық статистика бюросы өткен кезеңде елдегі жұмыс күшінің жалпы саны 9,8 миллионды құраған.

Бюроның хабарлауы бойынша бүгінде елде 9,4 миллионға жуық адам еңбек етіп жүр. Олардың басым бөлігі — 7,7 миллионы жалдамалы жұмысшылар болса, қалған 2,1 миллионнан астам азамат өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Жалпы халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 64,3%-ға жетті.

Главный баннер

Мамандардың айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін азаматтардың саны 99,5 мың адамға артқан. Бұл өсім негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілді.

Ең көп жұмыс күші шоғырланған салалар қатарына сауда, білім беру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кірді. Атап айтқанда, сауда саласы еңбеккерлердің 16,8%-ын қамтыса, білім беру 13,3%-ын, өнеркәсіп 12,4%-ын, ал ауыл шаруашылығы 10,5%-ын құрады.

Жастар нарығындағы ахуал да назар аудатарлық. Елімізде оқымайтын және жұмыс істемейтін NEET жастарының үлесі 5,7%-ды көрсетсе, 15 пен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық небәрі 2,9%-ды құрады.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігінің мәліметінше, маусым айының соңында жұмыспен қамту орталықтарында ресми түрде 333,1 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы жұмыс күшінің 3,4%-ын қамтиды.

Главный баннер --> after article